31 октября 2025


СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚУ-ДА ТУРИЗМ МЕН ЭКОЛОГИЯҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындығы Шығыс Қазақстан университетінің ІТ және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінде «Жас ғалым» ғылыми жобасы аясында ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Іс-шараны экология және география кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Назгүл Женсикбаева ұйымдастырды.

Семинар «Шығыс Қазақстанның туристік потенциалы: тарихи мұра, мәселелері және экологиялық сақтау аспектілері, даму болашағы» тақырыбына арналды.

Семинардың негізгі мақсаты — жас зерттеушілердің ғылыми ой-өрісін кеңейту, өңірлік туризм мен экологиялық даму саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және ғылыми тәжірибе алмасу арқылы кафедраның зерттеу әлеуетін арттыру болды.

Іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар және жас ғалымдар қатысты. Семинар барысында Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін дамыту, тарихи-мәдени және экологиялық бағыттағы мүмкіндіктер, табиғатты қорғау және тұрақты даму мәселелері сөз болды.

Жиын жас зерттеушілердің ғылыми ынтымақтастығын нығайтуға, тәжірибе алмасуға және жаңа ғылыми бастамаларға серпін берді.