3 октября 2025


СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚУ-ДА ҒЫЛЫМИ START-UP ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Қатысу шарттары:

 

Start-up жобалары туралы ережеге сәйкес, байқауға бакалавриаттың 1–4 курс студенттері қатыса алады.

Қатысушылар байқаудың шарттарымен және өткізу мерзімдерімен ұйымдастырушының ақпараттық ресурстарынан танысады.

Өтінімдер 2025 жылғы 05 қарашаға дейін naukavkgu@mail.ru

 электронды поштасына (Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімі) жіберіледі.

Өтінім үлгісін әр кафедрадағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жауапты мамандардан алуға болады.

Өтінімдер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Финалдық кезеңге арналған презентация талаптары

Презентация PowerPoint немесе Canvas форматында дайындалады (15 слайдтан аспау тиіс) және келесі ақпаратты қамтуы қажет:

Жобаның атауы.

Жобаның ғылыми жаңашылдығы мен бірегейлігі.

Жобаның практикалық жаңалығы және өндірісте енгізу мүмкіндігі.

Жобаны іске асыруға қажетті ықтимал қаржыландыру сомасы.

Жобаның бәсекелік артықшылықтары.

Жобаны іске асыру тетігінің сипаттамасы.

Жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі / рентабельдігі.

Бағалау критерийлері

Ғылыми жаңашылдығы.

Жобаның технологиялық ерекшеліктері мен бірегейлігі.

Жобаның практикалық маңыздылығы.

Өзін-өзі ақтауы.

Рентабельділігі.

Енгізуден күтілетін экономикалық және әлеуметтік әсер.

Экономикалық және техникалық есептердің дәлдігі.

 

Жеңімпаздар:

Финал қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған жобалар байқаудың жеңімпаздары болып танылады.

📞 Байланыс телефон: 8 (7232) 241-328