13 октября 2025
СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚУ КИКБОКСШЫСЫ ТУРНИРДІҢ БАСТЫ ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ
Ернұр Қайырбеков өткен демалыс күндері Өзбекстан астанасында өткен беделді кикбоксинг турнирінде жеңіске жетті. Мәдениет және спорт факультетінің үшінші курс студенті көптеген беделді марапаттарға ие.
Ташкентте Өзбекстанның кикбоксинг қауымдастығы мен Дүниежүзілік кикбоксинг қауымдастығымен (WAKO) ұйымдастырылған халықарылық турнир өтті. Әлемнің 50 елінен келген ең мықты кикбоксшылар рингке және татамиге шықты. Жалпы 3 мыңнан астам спортшы қатысты.
Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ студенті еліміздің намысын 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қорғады. Жарыс аланыңда ол төрт қарсыластарын жеңіп,турнирдің басты жүлдесі – Әлем Кубогын жеңіп алды. Осылайша, Ернұр жаңа атаққа ие болып қана қоймай, келесі айда Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін кикбоксингтен алдағы Әлем чемпионатына дайындығын көрсетті. Қазір Ернұр Ербол Шегеновтің тәлімгерлігімен жаттығуда, оның табандылығы мен спортқа деген сүйіспеншілігінің арқасында үшінші курс студенті халықаралық деңгейдегі спорт шебері болып табылады.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Ернұр көптеген атаққа ие, оның ішінде ересектер арасында 2025 жылғы Қазақстан чемпионы. ересектер арасында Әлем Кубогының чемпионы-2025 Түркияда, ересектер арасында Әлем кубогының финалисті-2024 Венгрияда, India open-2024 халықаралық ересектер арасындағы жарыстың жеңімпазы, 2023 Түркияда жастар арасында Әлем кубогының жүлдегері. 2023 жылғы жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының финалисті, 2022 жылғы Италиядағы жастар арасындағы Әлем чемпионатының жүлдегері.
Айта кетейік, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық аренада да облыс пен елдің намысын қорғайтын спортшыларды қолдайды. Басшылық, оқытушылар мен студенттер өз спортшыларын мақтан тұтады және олардың жаңа жеңістерін қуана күтеді.