23 декабря 2025


СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚУ ӨКІЛДЕРІ «ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамы Өскемен қаласы білім бөлімінің ШҚО білім басқармасына қарасты «№24 орта мектеп» КММ-де өткен «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысына қатысушылардың салтанатты ант қабылдау рәсіміне қатысты.

Салтанатты шараға үздіксіз және инклюзивті білім беру «Dana bala» орталығының жетекшісі Алима Алипова, Мәдениет, спорт және АӘД кафедрасының меңгерушісі Александр Зуев, сондай-ақ «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының оқытушысы Виктор Сунцов қатысып, жас кадеттерге қолдау көрсетті.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты, азаматтық жауапкершілікті және елдің қаһармандық мұрасына деген құрметті қалыптастыруға бағытталған маңызды оқиға болды. Университет өкілдерінің қатысуы рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру аясында болашақ талапкерлермен өзара байланысты нығайтудың, сондай-ақ кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңыздылығын айқындай түсті.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті патриоттық құндылықтарды нығайтуға, белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға және әлеуметтік жауапты жастарды тәрбиелеуге бағытталған бастамаларды жүйелі түрде қолдап келеді.