6 апреля 2026


С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚУ-ДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ

«С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ базасында «ОЙЛА, ТАП, ШЕШ» атты XVI қалалық пәндік олимпиада өтті. Іс-шара дарынды балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды қолдауға бағытталған «ARMANDAR KERUENI» шығармашылық конкурсы аясында ұйымдастырылды.

Олимпиаданың ұйымдастырушысы – ШҚУ-дың педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасы. Зияткерлік сайысқа Өскемен қаласының мектептерінен 2–4 сыныптың 792 оқушысы қатысты: оның 342-сі – қазақ тілінде, 450-і – орыс тілінде білім алатын оқушылар.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін анықтау. Қатысушылар математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, жаратылыстану және бейнелеу өнері пәндері бойынша тапсырмалар орындады. Тапсырмалар оқушылардың білімін тексерумен қатар, олардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін және алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдыларын дамытуға бағытталды.

Олимпиада университеттің №1 оқу корпусында сағат 8:00-ден 11:30-ға дейін өтті. Іс-шараның жоғары оқу орны базасында ұйымдастырылуы оқушыларға ғылыми орта атмосферасын сезінуге мүмкіндік беріп, олардың білімге деген қызығушылығын арттырды.

Аталған олимпиада бастауыш сынып оқушыларының жоғары дайындық деңгейін, сондай-ақ олардың зияткерлік және шығармашылық дамуға деген ұмтылысын көрсетті. Мұндай іс-шаралар дарынды балаларды ерте анықтап, қолдауға және олардың болашақтағы білім жетістіктеріне негіз қалауға үлкен ықпал етеді.