23 марта 2026


«ТАЗА ҚАЛА» БЕЙНЕЧЕЛЛЕНДЖІ: С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Жоғары колледж оқытушылары мен студенттері Тазару күні аясында «Таза қала» тақырыбында бейнечеллендж түсірді. Аталған видеода студенттер қоғамдағы экологиялық мәдениетті анықтау мақсатында әлеуметтік эксперимент жүргізді. Эксперимент барысында көшеде жатқан қоқысқа адамдардың көзқарасы мен іс-әрекеті бақыланып, олардың тазалыққа деген жауапкершілік деңгейі сараланды.

 

Бұл бастама – қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, тазалықты сақтауға және әрбір азаматтың жеке жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.