24 февраля 2026


ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕ ТОҒЫСҚАН СӘТ: АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТІНІҢ АШЫҚ САБАҒЫ

Болашақ ұстаздың теориялық білімін нақты тәжірибемен ұштастыратын маңызды кезеңдердің бірі – педагогикалық практика. Осы орайда Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті БББ «Химия-биология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Аманжолқызы Шұғыла Өскемен қаласындағы №46 орта мектебі базасында педагогикалық практикадан өтуде.

Практика барысында студент 9-сынып оқушыларымен «№13 зертханалық тәжірибе. Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – оқушыларға азот қышқылының химиялық қасиеттерін тәжірибе арқылы түсіндіру, оның басқа қышқылдармен ұқсастықтарын анықтау және теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.

Ашық сабақ барысында зертханалық тәжірибелер жүргізілді; реакция теңдеулері талданды; химиялық қауіпсіздік ережелері қатаң сақталды; оқушылардың сыни ойлау және талдау дағдылары дамытылды.

Сабақ оқушылардың қызығушылығын арттырып, химиялық білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді. Практикант студент өзін кәсіби тұрғыда жауапты, ізденімпаз және шығармашылықпен жұмыс істей алатын болашақ маман ретінде көрсете білді.