6 октября 2025


ТҮРІК ПРОФЕССОРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ҮШІН КЕЛДІ

Альма-матеріміз мәртебелі мейманды — Түркияның Мугла Сыткы Кочман университетінің профессоры Мехмет Озтюркті қабылдады. Профессор Озтюрк – әлемдік деңгейдегі ғалым, Стэнфорд университетінің 2025 жылғы рейтингі бойынша ғаламшардың ең үздік 2% зерттеушілерінің қатарына енген.

Профессордың сапарының мақсаты – докторанттар мен магистранттармен бірлесіп жұмыс істеу, ғылыми тәжірибе алмасу және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту. Мұндай кездесулер жас зерттеушілерімізге жаңа көкжиектер ашып, университеттің халықаралық ғылыми аренадағы беделін нығайтуға ықпал етеді.

Айрықша атап өтерлігі, Түркиямен орнатылған бұл байланыс тек академиялық серіктестік қана емес, сонымен қатар ортақ тарих, рухани жақындық және ғылым мен білімді дамытуға деген өзара ұмтылыс арқылы екі бауырлас халық арасындағы достықты күшейтудің айғағы болып табылады.