7 апреля 2026


УНИВЕРСИТЕТТЕ «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: СЕРПІЛІС ПЕ, ӘЛДЕ ҚҰЛДЫРАУ?» ТАҚЫРЫБЫНДА TED TALKS КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Аманжолов университетінде «Жасанды интеллект: серпіліс пе, әлде құлдырау ма?» тақырыбында TED Talks форматында студенттік конференция өтті.

Іс-шараға психология және арнайы педагогика бағытындағы білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары қатысты. Конференция барысында жасанды интеллект технологияларын ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды ерте қолдау жүйесінде, диагностика мен оқытуда қолдану мүмкіндіктері мен тәуекелдері, сондай-ақ шығармашылық және кәсіби өзін-өзі дамытудағы рөлі туралы баяндамалар ұсынылды.

Ерекше қызығушылық тудырған баяндамалардың бірі – 2-курс магистранты Яна Тхоржевскаяның «ЖИ және өзін-өзі білімдендіру: өзін-өзі үйреткен суретшінің тәжірибесі» тақырыбындағы баяндамасы болды. Ол өз сөзінде цифрлық құралдардың қолжетімділігі, жаңа дағдыларды меңгеру жылдамдығы және нейрожелілерді пайдаланудағы шектеулер туралы айтты.

Сондай-ақ қатысушылар арасында белсенді пікірталас тудырған баяндамалардың бірі – «Арнайы педагогика: АВА» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты Вероника Балуеваның сөзі болды. Ол жасанды интеллектті кәсіби қызметте қолдану мәселелерін, оның ішінде синтезделген сөйлеуді пайдалану және осыған байланысты этикалық шектеулерді қарастырды.

Конференцияда «Психология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Дидарханова Ділназ да баяндама жасап, психологиялық практикада цифрлық технологияларды қолданудың заманауи тәсілдері туралы айтты.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, психология және арнайы педагогика саласындағы мамандардың кәсіби қызметіндегі жасанды интеллекттің рөлі туралы сыни ой қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың жоғары белсенділігі мен көтерілген тақырыптардың білім беру мен әлеуметтік саланың цифрлық трансформациясы жағдайындағы өзектілігі атап өтілді.