2 апреля 2026


УӘЛИЕВ ЖҰМАШ КӘРІМҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ШӘКІРТАҚЫНЫ ТАҒАЙЫНДАУ БАЙҚАУЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ «Ғылым айлығы» басталуына орай жылына екі рет өткізілетін Уәлиев Жұмаш Кәрімұлы атындағы шәкіртақыны тағайындау байқауының кезекті отырысы өтті

Уәлиев Жұмаш Кәрімұлы атындағы шәкіртақы студенттің ғылыми және шығармашылық, ең бастысы, оқу барысында көрсеткен жетістіктерін ынталандыру және Уәлиев Жұмаш Кәрімұлының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында тағайындалады.

2026 жылдың 02 сәуір күні С.Аманжолов атындағы ШҚУ №5 оқу ғимаратының қабырғасында 4 үміткер байқауға өздерінің ғылыми жетістіктерін әділқазылар алқасының назарына ұсынды:

Ватулин Вадим Сергеевич, «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенті;

Байсеитов Шамиль Маратович, «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенті;

Демеухан Аңсаған Демеуханқызы, «Химия-Биология» мамандығының 3 курс студенті;

Сарсенбаев Жігер Төлегенұлы, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 4 курс студенті;

Байқау жеңімпазы бір оқу семестрінде ай сайын 50 000 теңге көлемінде шәкіртақы алуға мүмкіндігі болады.