21 октября 2025


ФОРСАЙТ-СЕССИЯЛАР ЖАЛҒАСУДА: «МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Мамандығым – Болашағым» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысы үшін кадрлар даярлауға бағытталған форсайт-сессиялардың екінші күні өтуде. Жұмыс белсенді түрде жалғасып жатыр: қатысушылар өңірдің дамуындағы негізгі үрдістерді талқылап, болашақ еңбек нарығының келбетін айқындауда.

Форсайт-сессияның екінші күні білім беру, ауыл шаруашылығы және металлургия бағыттары бойынша тереңдетілген топтық жұмысқа арналды. Үлкен кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдарының, жоғары оқу орындары мен колледждердің өкілдері осы салалардың даму сценарийлерін әзірлеп, жаңа мамандықтар, сұранысқа ие құзыреттер және өзекті білім беру модульдерін анықтауда.

Қатысушылар форсайт-сессия форматының тиімділігін атап өтіп, оның түрлі саланың сарапшыларын біріктіріп, тәжірибе алмасуға және өңірдегі кадр даярлау жүйесін жаңғыртуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретінін айтты.

Айта кетейік, форсайт-сессиялардың нәтижелері өңірдің білім беру бағдарламаларын жетілдіру мен стратегиялық жоспарлау ісінде маңызды негіз болады. Жұмыс қорытындысы бойынша жаңа құзыреттер мен салалар арасындағы өзекті үрдістерді қамтитын сараптамалық-талдамалық есеп дайындалады.