23 октября 2025
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН ӨТКІЗІЛЕТІН ХИМИЯЛЫҚ КАЛЕЙДОСКОП XVI ТУРНИРІ
Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті химия кафедрасы жыл сайынғы мектеп оқушылары үшін өткізілетін ХИМИЯЛЫҚ КАЛЕЙДОСКОП XVI Турниріне қатысуға шақырады
Турнирдің мақсаты:
Мектеп оқушыларының химияға деген танымдық қызығушылығын дамытуға, олардың шығармашылық, зерттеушілік және практикалық іс-әрекеттерін ынталандыруға, сондай-ақ химия саласында қабілеттерін көрсететін дарынды оқушыларды анықтауға және қолдауға жағдай жасау.
Сайыс міндеттері:
-білім алушылардың зерттеу мәдениетін дамытуға ықпал ету;
-мектеп оқушыларының әмбебап коммуникативті дағдыларын, сондай-ақ заманауи ынтымақтастық жағдайында табысты өмір сүру үшін қажетті жұмсақ дағдыларды дамытуға ықпал ету.
-білім алушылардың мектепте жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін оқуға деген қызығушылығын арттыру;
-туған өлкенің денсаулығы мен табиғатына экологиялық-гуманистік қатынасты тәрбиелеу;
-оқушылардың жаратылыстану мамандықтарына кәсіби бағдарлануына ықпал ету;
-оқушыларды, педагогтар мен студенттерді бірыңғай білім беру кеңістігіне біріктіру
-қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашу
Турнирдің өту уақыты –20 және 21 қараша 2025 жыл.
Ұйымдастырушы: Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті IT және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің химия кафедрасы.
Сайысқа қатысушылар:
Жыл сайынғы XVІ Турнирге қатысуға Өскемен қаласы мен облыстың білім беру ұйымдары мен инновациялық типті мектептердің (орта мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер және т.б.) оқушыларының командалары шақырылады.
Қатысушы топтарға қойылатын талаптар:
- Команда құрамы 5 адамнан аспауы керек (9-11 сынып оқушылары);
- Топ капитанының болуы міндетті;
- Топтың 50%-ы 11-ші сынып оқушыларынан құрылады;
- Сынып жетекшісінің немесе химия пәні мұғалімінің қатысуы міндетті.
Турнирге қатысу үшін өтінімдер 2025 жылғы 15 қазаннан бастап 06 қарашаны қоса алғанда қабылданады. Өтінімді ұйымдастыру комитетінің электронды мекен жайына: chemicalkaleidoscope@mail.ru немесе қағаз нұсқасында төмендегі ұсыныстарға сәйкес жіберуге болады. Өтінімді электронды түрде мектептің электрондық поштасынан жіберілуі тиіс. Іріктеу турына қатысуға шақыру 2025 жылғы 07 қарашадан кешіктірілмей жіберіледі.
Турнир тақырыбы: «Металдар мен қорытпалар»
Турнир кезеңдері:
Іріктеу туры
Іріктеу туры өтінімдер саны қатысушылардың жоспарланған санынан (бес команда) асқан жағдайда өткізіледі. Іріктеу туры 2025 жылдың 12 қарашасында 1400-де химиялық заттарды тануға, синтездеуге немесе тазартуға арналған практикалық тапсырма түрінде өтеді. Қатысушыларға қойылатын талаптар: 2 адам (10 сынып оқушылары). Форма – химиялық халат, нитрильді қолғап. Оқушылар міндетті түрде мұғалімдерімен сүйемелденуі тиіс. Тіркелу сағат 1330-да № 1 оқу ғимаратының 419 аудиторияcында.
Турнирге қатысуға 5 команда шақырылады. Қатысушылар тізімі іріктеу турының нәтижелері негізінде қалыптастырылады. Өткен жылдың жеңімпаз командасы іріктеу кезеңінсіз негізгі турға өтеді. Негізгі турға шақыру 2025 жылдың 14 қарашасынан кешіктірмей жіберіледі.
Негізгі туры
Негізгі кезең 2025 жылдың 20 қарашасы (орыс тілінде оқитын мектептер үшін), 21 қарашасы (қазақ тілінде оқитын мектептер үшін) сағат 1400-де 430-шы аудиторияда өтеді. Тіркелу 1330-дан Сарсен Аманжолов атындағы ШҚУ №1 оқу ғимаратының 430 аудиториясында.
- «Таныстыру» сайысы
Әрбір топ өзін еркін формада 3-4 минут ішінде таныстырады. Арнайы форманың, музыкалық сүйемелдеу мен презентация болуы құпталады.
- «Ой серпілісі» сайысы.
Қатысушы командалардың әрқайсысы турнир тақырыбы бойынша қарсыластарына 3 сұрақ дайындайды. Сұрақтың жауабы бір буынды болуы керек және ұзақ түсіндіруді қажет етпейді. Сұрақтар да, жауаптар да бағаланады. Аймақтық мазмұны бар сұрақтар құпталады (бонустық ұпайлар). Әдеби дереккөздерге нақты сілтемелер қажет (дереккөздер сенімді болуы керек – оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, ғылыми журналдардағы мақалалар).
Сұрақтардың мәтіні мен жауаптары сараптамаға және бағалауға 2025 жылдың 17 қарашасына дейін тапсырылуы тиіс.
- «Капитандар сайысы».
Топ ішінен сайланған белсенді оқушы, яғни капитан (теориялық және тәжірибелік) шығармашылық бағыттағы тапсырманы орындайды. Форма – химиялық халат, нитрильді қолғап.
- «Жас химик» сайысы.
Әр топтан екі оқушы сапалық талдау тәжірибелері көмегімен белгісіз заттарды анықтау/синтездеу/тазалау тапсырмаларын орындайды, Форма – химиялық халат, нитрильді қолғап.
- «Химиктер-лириктер» сайысы.
Топ турнир тақырыбына музыкалық, би, ақындық, драмалық және басқа нөір ұсынады (регламент 5 минут).
- «Белсенді жанкүйер» байқауы. «Ең белсенді және креативті жанкүйерлер» номинациясы
Командалар тапсырмаларды орындау кезінде жанкүйерлер арасында байқау өткізіледі. Жанкүйерлер барлық қатысушылар қатыса алатын конкурс-нөмірін дайындайды. Мысалы, «химиялық құралдар мен ыдыстарды тап» пантомимасы болуы мүмкін (топ жанкүйерлерінің өкілі химиялық ыдыстарды немесе жабдықтарды және т.б. бейнелейді). Басқа байқау болуы мүмкін. Шарт бойынша барлық қатысушылар қатыса алады, конкурс турнир тақырыбы сай болуы тиіс. Регламент 4-5 минут.
Команданың жанкүйерлері конкурс дайындап өткізеді. Ұпайлар тақырыпқа сәйкестігі, өзіндік ерекшелігі, конкурс нөмірін ұйымдастыруы, өткізуі, конкурс тапсырмаларын орындағаны үшін — шағын жүлделер түрінде есептеледі. Конкурстың тапсырмалары және жауаптары 2025 жылғы 17 қарашаны қоса алғанда сараптамаға және бағалауға тапсырылады.
Өтінім үлгісі:
Жыл сайынғы «Химиялық калейдоскоп» XVІ турниріне қатысуға
Өтінім
1.Оқу орнынының толық атауы: ШҚО ББ ….. білім бөлімінің «………..» КММ.
- Қатысу тілі – қазақша/орысша.
- Топ атауы – «________________________________________»
- Топ мүшелерінің тізімі (топ мүшелерінің толық аты-жөні, сыныбы), топ капитанын белгілеу.
№ | Қатысушылардың аты-жөні | Сынып | Қосымша |
1 | Аманжолқызы Шұғыла | 11 | капитан |
2 | … | ||
3 | …. |
- Ғылыми жетекшісі — толық аты-жөні, санаты, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, байланыс телефоны, e-mail.
- Байланыс ақпараты – мектептен жауапты тұлғаның Т.А.Ә., ұялы телефон нөмірі, e-mail (мектеп телефонынан басқа хабарласу телефон нөмірі болуы құпталады).
Берілген ақпараттарға байланысты турнир бағдарламасы құрылады.
Марапаттау.
«Химиялық калейдоскоп» сайысының жеңіпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен, «Үздік теоретик», «Үздік практик», «Үздік химик-лирик», «Ең белсенді және креативті жанкүйерлер» номинациялары бойынша сертификаттармен марапатталады.
Ұйымдастыру комитетінің сайыстар санын көбейтіп-қысқарту құқығы бар.
Ұйымдастыру комитеті: 070010, Өскемен қаласы, 30-шы гвардиялық дивизия көшесі, 34, ШҚУ-дың № 1 оқу ғимараты, 4 қабат, 408 каб. Телефон – 540-482. e-mail: chemicalkaleidoscope@mail.ru
Модераторлар:
Мукажанова Жазира Бигалиевна, химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD, +7 747-140-62-62
Саньязова Шынар Кадылбековна, химия кафедрасының сениор-лекторы, педагогика ғылымдарының магистрі (каз), +7 702-704-52-85
Манапова Салтанат Солтанғажықызы, химия кафедрасының сениор-лекторы, техникалық ғылымдар магистрі, +7 777 578-57-87
Нурлыбай Лаура Нурлыбаевна, химия ғылымдарының магистрі, химия кафедрасының лекторы, +7 707 497 76 62;
Афанасенкова Ирина Владимировна, химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к., +7 777-235-35-34.