9 сентября 2025


«ШЕКАРАСЫЗ БІЛІМ: ШЕБЕРЛІК АРМАНДАРДЫ БІРІКТІРЕДІ» КЕЗДЕСУІ

10-қыркүйек күні Қытайда дәстүрлі түрде Ұстаздар күні атап өтіледі. Осы мерекеге орай «Шекарасыз білім: шеберлік армандарды біріктіреді» атты онлайн-кездесу өтті. Іс-шара Қытай мен Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру педагогтары арасындағы тәжірибе алмасу алаңына айналды.

 

Университет атынан кездесуге стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредитация бөлімінің жетекшісі Дана Ниғманова мен стандарттау инженері Ернар Курманов қатысты.

 

Қытай тарапынан Чжанчжоу кәсіби-техникалық институтының халықаралық білім беру алмасу бөлімінің басшы орынбасары Ма Цунъин, Хунань ұлттық кәсіби институтының Балалар дамуы және денсаулық басқару институты деканының орынбасары У Байлань, Ухань қалалық институтының доценті, Қытай жабдықтарды басқару қоғамының сарапшысы, Қытай сертификаттау және аккредитация қауымдастығының ISO жүйелері бойынша аудиторы, аға инженер Сюнь Дунлян, «Бір белдеу – бір жол» Қазақстан ғылыми-зерттеу институтының ректоры Чжу Ли, сондай-ақ Сиань қаласындағы «Саньхао» бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу компаниясының маркетинг департаментінің директоры Шао Шуай қатысты.

 

Бұл шара кәсіби білім беру саласында екі ел педагогтарының тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.