10 ноября 2025


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ТОПОНИМДЕРІ МЕН АҢЫЗДАРЫН ТУРИЗМДЕ НАСИХАТТАУ

«Шығыс Қазақстанның әдеби және лингвистикалық туризмінің аймақтық интеграциясы: топонимдердің этимологиясы мен мекендік аңыздарды цифрландыру»  атты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен мақсатты бағдарламалық жобасы аясында «ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ТОПОНИМДЕРІ МЕН АҢЫЗДАРЫН ТУРИЗМДЕ НАСИХАТТАУ» атты халықаралық ғылыми вебинар ұйымдастырылды.

Вебинардың мақсаты – өңірдің тарихи-мәдени мұрасын, соның ішінде жер-су атаулары мен аңыздық деректердің танымдық, тәрбиелік және туристік әлеуетін айқындау, оларды заманауи туризм саласында тиімді пайдалану жолдарын талқылау.

Вебинарда Түркияның Анкара қаласындағы Қажы Байрам университетінің Әдебиет факультеті Түрік тілі мен әдебиеті бөлімінің ғылыми қызметкері Демет Білгін, Қажы Байрам университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жақтан М.Нәрікбаев университетінің докторанты Әлішер Халметов және Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің докторанты Дана Ахмадиева ғылыми вебинарға онлайн қатысып, түркі елдерінің мәдени туризмі туралы сөз сөйледі.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Қазақ, орыс филологиясы және  журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филолгия ғылымдарыны кандидаты Айгүл Әлімхан «Шығыс Қазақстан топонимдерінің тарихи-мәдени негіздері және оларды туристік бағыттарда таныстыру тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады.  Қазақ, орыс филологиясы және  журналистика кафедрасының сениор лекторы Жазира Қайырбаева «Шығыс Қазақстан туризміндегі рухани мұра мен әдеби өлкетанудың әлеуеті» тақырыбында баяндама жасады.  

Бұл халықаралық вебинар ұлттық құндылықтарды ғылыми тұрғыдан танытудың, сол арқылы жаһандық мәдени кеңістікте Қазақстанның рухани бренді мен аймақтық ерекшелігін сақтаудың маңызын көрсетеді. Шығыс Қазақстанның тарихи және рухани мұрасын зерттеу мен насихаттаудың жаңа бағыттарын айқындаған, жастардың ғылыми-танымдық көкжиегін кеңейткен, ұлттық сана мен рухани тұтастықты нығайтуға зор үлес қосқан маңызды ғылыми-практикалық шара болып табылады.