6 марта 2025


ШҚУ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ӘЗІРБАЙЖАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ БАРДЫ

Қол қойылған өзара ынтымақтастық келісімдер аясында, басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Төлегеннің басшылығымен С.Аманжолов атындағы ШҚУ делегациясы Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетін аралады. ӘМПУ – Әзірбайжанның ең ірі университеттерінің бірі, студенттер саны 18 600-ден астам. Университеттің тарихы 1921 жылдан басталады және осы уақытқа дейін университет 170 000-нан астам маман даярлап шығарған.

Кездесу барысында инклюзивті білім беру, академиялық алмасу және қос диплом бағдарламалары бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында ӘМПУ ректоры Amanzholov University делегациясына экскурсия өткізді.