22 июля 2025


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ «ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИТЕТ– 2025» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУДА

21 шілде мен 3 тамыз аралығында Қазан федералды университетінде Жазғы университет 2025 халықаралық жобасы өтуде. С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері — Каун Эвелина Александровна, Ляпунова Анастасия Андреевна және Рахметулланова Арна Фархадқызы — университетімізді мақтанышпен таныстырып жатыр.

Бағдарламада: білім беру сабақтары мен шеберлік сағаттары, жоба жұмысы, мәдени-спорттық шаралар, экскурсиялар, «Global village» кеші, Сабантой, халықаралық кеш, сондай-ақ ҚФУ институттарымен танысу.