2 сентября 2025


ШҚУ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Amanzholov University биыл үшінші жыл қатарынан Тәжікстандағы серіктес жоғары оқу орындары – Сотим Улугзода атындағы Тәжік халықаралық университеті мен Халықаралық туризм және кәсіпкерлік университетінен келген студенттерді қарсы алуда. Екі жақсы келісім негізінде студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша бір семестрге немесе бір оқу жылына келіп оқиды. Биыл университет Тәжікстаннан келген 21 студентті қабылдады.

– 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрінде біз тағы да жаңа студенттерді қабылдаймыз. ШҚУ-дың «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері — Надежда Голикова мен Нигина Саидова Сотим Улугзода атындағы Тәжік халықаралық университетіне бір семестрге оқуға аттанды. Бұл Amanzholov University студенттерінің алғаш рет Тәжікстанға оқуға баруы. Серіктес университет оларды жылы қарсы алып, жайлы орынға жайғастырды, — деді стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредитация бөлімінің жетекшісі Дана Нигманова.

Сонымен қатар, В.П.Астафьев атындағы Краснояр мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Анна Шкутович бір семестр бойы оқуын С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жалғастырады.