9 июля 2025
ШҚУ ERASMUS+ ЖОБАСЫНА ЕУРОПАНЫҢ 4 УНИВЕРСИТЕТІМЕН БІРЛЕСЕ ОТЫРЫП ҚАТЫСУШЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Erasmus+ халықаралық жобасына Еуропаның төрт университетімен бірлесе отырып қатысушы болып табылады:
– Academy of Social and Medical Sciences in Lublin – Academy of Applied Sciences (Польша)
– University of Cassino and Southern Lazio (Италия)
– University of Genoa (Италия)
– Technical University of Cluj-Napoca (Румыния)
Бұл ынтымақтастық Erasmus+ бағдарламасының бірнеше жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жобалар академиялық ұтқырлықты дамытуға, білім беру үдерісін цифрландыруға, мамандар даярлау сапасын арттыруға және серіктес университеттердің институционалдық әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Жоғары білім беруді интернационализациялау – жобалардың басты басымдықтарының бірі. Бұл бағыт халықаралық серіктестіктерді дамыту, жаһандық академиялық бастамаларға қатысу, ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларын кеңейту және көпмәдениетті университеттік ортаны қалыптастыруды қамтиды.
2025 жылы AMANZHOLOV UNIVERSITY Erasmus+ бағдарламасының академиялық ұтқырлыққа арналған екі KA171 жобасына қатысушы ретінде тіркелді. Бұл жобалар University of Genoa (Италия) және Technical University of Cluj-Napoca (Румыния) университеттерімен бірлесе жүзеге асырылуда. Аталған жетістіктер университеттің еуропалық серіктестер арасындағы беделін және білім беру саласын интернационализациялау бағытындағы тұрақты ілгерілеуін көрсетеді.