23 октября 2025
ҒАЛЫМДАРДЫҢ АДАМ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУ ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
2025 жылы ИРН AP23490443 «Адам капиталын басқару, цифрлық экономиканың дамуы жағдайында еңбек ресурстарының сапасын арттыру» ғылыми жобасын іске асыру аясында Қазақстандағы жұмыспен қамтудың тиімділігін арттыру және адам әлеуетін дамытуға бағытталған белсенді зерттеу жұмыстары жалғасуда.
Жоба елдің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарын біріктіреді: Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті. Бұл бірлестік әртүрлі өңірлер мен ғылыми мектептердің өкілдерін тоғыстырып, цифрлық экономика үшін практикалық шешімдер іздеуге бағытталған межуниверситеттік зерттеу алаңын қалыптастырады.
Жобаның негізгі бағыттарының бірі – халықаралық ғылыми ынтымақтастық. Осы бағытта Ресейдің Алтай мемлекеттік университетінің экономика ғылымдарының докторы, профессор Игорь Николаевич Дубинамен серіктестік орнатылған. Ол инновациялық экономика және адам капиталын басқару саласындағы мойындалған сарапшы болып табылады.
Ғалымдардың бірлескен жұмысы цифрлық экономика жағдайында жұмыспен қамтудың жаңа формаларының эволюциясын зерттеуге, еңбек нарығының технологиялық өзгерістерге бейімделу тетіктерін талдауға және Қазақстандағы еңбек ресурстарының сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеуге бағытталған.
Халықаралық ғылыми ынтымақтастық нәтижесінде Q1 санатындағы жоғары рейтингті Journal of Innovation and Entrepreneurship (Springer Nature, CiteScore – 89-процентиль) журналында «The Evolution of Freelance as a New Innovation Business Mode in the Modern Economy (a Literature Review)» атты ғылыми мақала жарық көрді (https://doi.org/10.1186/s13731-025-00596-4).
Мақаланың авторлары – И. Дубина, Ж. Рахметулина, Д. Байтенизов және 8D04101 «Экономика» білім беру бағдарламасының докторанттары Асель Сулейменова мен Асем Бухатова. Олар – қазақстандық жас зерттеушілердің жаңа буынын танытқан ғалымдар.
ИРН AP23490443 жобасы ғылым, білім және халықаралық серіктестікті тиімді біріктірудің үлгісі болып табылады. Ол Қазақстанның адам капиталын орнықты дамытуға негіз қалап, отандық жоғары оқу орындарының академиялық беделін арттыруға және елдің цифрландыру мен ұлттық экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік стратегиясын жүзеге асыруға елеулі үлес қосуда.