20 августа 2025


Ғылыми және технологиялық дипломатия Жастар саммитіне және Азия–Еуропа тренингіне қатысу үшін өтінім қабылдау ашылды

2025 жылғы Ғылыми және технологиялық дипломатия Жастар саммитіне және Азия–Еуропа тренингіне қатысу үшін өтінім қабылдау басталды.
Жоба азаматтық қоғам мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істейтін, мансап жолының бастапқы кезеңіндегі жас мамандарды оқыту, тәжірибе алмасу және Азия мен Еуропадағы байланыс желісін кеңейту мақсатында біріктіреді.

Бағдарлама екі компоненттен тұрады:

🔹 Ғылыми және технологиялық дипломатия бойынша онлайн-тренинг:
2025 жылғы 23 қазан мен 4 желтоқсан аралығы (7 апта ішінде 13 тікелей сессия, аптасына шамамен 3 сағат).
Мақсаты — ғылыми және технологиялық дипломатия саласында білім, тәжірибелік дағдыларды дамыту, әріптестерден үйрену және байланыс орнату.

🔹 Ғылыми және технологиялық дипломатия бойынша Жастар саммиті:
2025 жылғы 15–18 желтоқсан аралығында Копенгаген қаласында өтеді.
Іс-шара Еуропалық ғылыми дипломатия жөніндегі 2-ші конференциямен қатар өтеді және Данияның ЕО-дағы төрағалығы аясында Дания Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

– Ғылым мен зерттеу саласындағы жобалар мен топтарды үйлестіретін менеджерлер;
– Халықаралық STI (ғылым, технология және инновация) ынтымақтастығына қатысушылар;
– ASEF серіктес елдерінің 35 жасқа дейінгі азаматтары.

📅 Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылдың 9 қыркүйегі

🔗 Толығырақ:http://250715_ASEFSciTech_TrainingYouthSummit_Overview  

http://переврод буклета