30 июля 2025


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ COURSERA-НЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТЫНЫҢ ФИНАЛИСТІ АТАНДЫ

Министрлік Coursera Outstanding Achievement Awards 2025 жаһандық марапатының финалисті атанды.

Coursera компаниясы бұл марапатты бүкіл әлем бойынша білім беру саласында ерекше нәтижеге жеткен серіктестеріне табыстайды. Қазақстан жаһандық финалист ретінде 2025 жылғы қыркүйек айында өтетін Coursera Connect іс-шарасында ресми түрде марапатталады.

Coursera-ның Маркетинг жөніндегі директоры Тим Хэннан өз хатында:

«Сіздердің көшбасшылық, жаңашылдық және білім беруді трансформациялау жолындағы ықпалдарыңыз бізді шынайы түрде шабыттандырады. Бұл жетістік – сіздердің жаһандық деңгейдегі үздік тәжірибелеріңіздің көрсеткіші», – деп атап өтті.

Coursera тарапынан алдағы рәсімдік және ұйымдастырушылық қадамдар бойынша қосымша ақпарат жақын арада ұсынылады.

_Анықтама үшін:_
Coursera — әлем бойынша 120 млн астам қолданушысы бар жетекші онлайн білім беру платформасы. Қазақстан бұл платформаны жоғары білімді цифрландыру және қолжетімді ету мақсатында белсенді қолданып келеді.