7 апреля 2026


ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЗЕРБАЙЖАН УНИВЕРСИТЕТТЕРІ РЕКТОРЛАРЫНЫҢ II ФОРУМЫ ӨТТІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында Қазақстан мен Әзербайжан жоғары оқу орындары ректорларының II форумы салтанатты түрде ашылды. Ауқымды халықаралық шараға екі елдің жетекші университеттерінің басшылары, білім және ғылым саласының өкілдері қатысты.

Форумның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында Қазақстан мен Әзербайжан университеттері арасындағы академиялық байланыстарды дамыту, ғылыми зерттеулердегі серіктестікті кеңейту және бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

Форум жоғары білім беру жүйесін интернационалдандыруға, студенттер мен ғалымдардың академиялық ұтқырлығын арттыруға және екі елдің университеттері арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.