12 сентября 2025
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІГІ: АЛЬМА-МАТЕРДІҢ РӨЛІ
Қазақстан мен Қытай әрқашан маңызды стратегиялық серіктестер болып келеді. 2025 жылдың қыркүйегінде Бейжіңде өткен кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайды сенімді көрші, жақын дос және еліміздің мәңгілік стратегиялық әріптесі деп атап өтті. Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстан экономикасына 27 миллиард доллар инвестиция құйғанын жеткізді. Сондай-ақ ол энергетикадағы ынтымақтастық, экономиканы әртараптандыруға бағытталған ірі жобалар, органикалық өнім өндірісін дамыту және жасанды интеллект саласында тығыз серіктестіктің маңыздылығын атап өтті. Президент қаржы секторындағы қазақстан-қытай іскерлік байланыстарын нығайтуға да шақырды.
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Бүгінде тараптар білім және ғылым саласында да ынтымақтастықты кеңейтіп, тереңдетуде. Соңғы бес жыл ішінде Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың ҚХР университеттері мен кәсіпорындарымен серіктестігі айтарлықтай нығайды. Ынтымақтастық Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің тұрақты даму мақсаттары аясында жүзеге асуда. Университет Циндао университетімен, Шаньдун сыртқы сауда кәсіби-техникалық колледжімен және Іле педагогикалық университетімен келісімшарттар жасасты. Осы бағдарлама аясында ШҚУ-да 70-тен астам қытайлық студент білім алды, ал Қытай ЖОО-ларында 50-ден астам ШҚУ студенттері оқып шықты.
HAIER КОМПАНИЯСЫМЕН СЕРІКТЕСТІК: ЦИФРЛЫҚ ЖОБАЛАР
2024 жылдың сәуірінде университет делегациясы Циндао қаласына барып, әлемдегі тұрмыстық техника өндірісі бойынша төртінші ірі компания саналатын Haier Haitech кәсіпорнымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім «Smart library» және «AI Smart classroom» жобаларын ШҚУ базасында жүзеге асыруға бағытталған.
БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР
2024 жылдың тамызында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Президенттің цифрландыру саясатын іске асыру мақсатында ҚХР тәжірибесіне негізделген жоғары оқу орындарын трансформациялауға арналған халықаралық семинар өткізді. Қазақстандық делегация құрамында ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген де болып, вице-министр Динара Ринатқызы Щеглова жетекшілік еткен сапар барысында делегация Шэньчжэнь қаласына барды.
ҚЫТАЙ КОНСУЛДЫҒЫНЫҢ АЛМАТЫҒА ВИЗИТІ ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМ АЛУЫ
2024 жылдың 6 қыркүйегінде Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-ға арнайы келді. Ал 2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың мамырына дейін Харбин технологиялық институтының студенті Чэнь Юнжуй, сондай-ақ Цзилинь құрылыс университетінің студенттері Ши Боуэн мен Саиджамол Гафуров ШҚУ қабырғасында орыс тілін меңгеріп, өздерінің тілдік дағдыларын дамытты.
ҮРІМШІДЕГІ БІЛІМ КӨРМЕСІ
2025 жылдың мамыр айында Amanzholov University өкілдері Үрімші қаласында өткен «Study in Kazakhstan» халықаралық білім көрмесіне қатысты. Іс-шара ШЫҰ-ға мүше елдердің білім министрлерінің алғашқы отырысы аясында ұйымдастырылып, Үрімші кәсіптік университетінің базасында өтті.
БЕЙЖІҢ ПРОФЕССОРЫМЕН КЕЗДЕСУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
2025 жылдың 25 сәуірінде ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген Бейжің педагогикалық университетінің профессоры, Қытай дүниежүзілік тарихты зерттеу институтының директоры Чжан Цзяньхуа мырзамен кездесті. Профессор Орталық Азия халықтарының мәдениетін және аймақтану теориясын зерттеп жүрген ғалым ретінде жас тарихшыларға дәріс оқып, ғылыми тағылымдамалар мен тәжірибелік дайындықтың маңыздылығын атап өтті.
ҚЫТАЙ ТІЛІН ҮЙРЕТУ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛЬЯНС
2025 жылдың шілдесінде ШҚУ ШЫҰ елдері ЖОО-лары арасында қытай тілін оқыту саласындағы халықаралық альянсқа мүше болып кірді. Бұл қадам қос мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.
«БІЛІМ ШЕКАРАСЫЗ»: ОНЛАЙН-ДИАЛОГ
2025 жылдың 9 қыркүйегінде «Білім шекарасыз: шеберлік арманды біріктіреді» атты онлайн-кездесу өтті. Бұл шара Қытай мен Қазақстан педагогтарының кәсіби білім беру саласындағы тәжірибе алмасуына арналған диалог алаңына айналды. ШҚУ да осы жиынға белсенді қатысты.
ШАНДОНЬДЕГІ СТУДЕНТТЕР СТАЖИРОВКАСЫ
2025 жылдың 15 қыркүйегінен 23 қарашасына дейін Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері Шандунь сыртқы сауда колледжінде тағылымдамадан өтпек. Бұл тәжірибе екі оқу орны арасындағы келісім аясында жүзеге асады.
AMANZHOLOV UNIVERSITY — ШЫҰ ИДЕЯЛАРЫН БЕЛСЕНДІ ЖАҚТАУШЫСЫ
Бүгінде қазақстан-қытай ынтымақтастығы жоғары қарқынмен дамып келеді. Осы үдерісте Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ Шығыс Қазақстан өңірінде ШЫҰ идеяларын ілгерілетудің белсенді қатысушысына айналды.