16 марта 2026


ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

2026 жылғы Қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиадаға өтінім қабылдау басталды. Тіркелу 2026 жылдың 1 наурызынан 31 наурызына дейін (сағат 14:00-ге дейін) AML Academy сайтында жүргізіледі. Олимпиада туралы толық ақпарат amlacademy.kz сайтында жарияланған.

Олимпиадаға 2–3 курс студенттері және ғылыми-педагогикалық бағыттағы 1-курс магистранттары қатыса алады. Қатысушылар құқықтану, экономика, халықаралық қатынастар, ақпараттық қауіпсіздік білім беру бағдарламалары бойынша білім алуы тиіс.

Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде, онлайн және офлайн форматта өткізіледі және қатысу тегін.

Кезеңдері:

  • 1-кезең: онлайн тестілеу — 2 сәуір (нәтижесі 6 сәуір)
  • 2-кезең: эссе жазу — 8 сәуір (нәтижесі 15 сәуір)
  • Апелляция: 16 сәуір
  • 3-кезең: финал — 27 сәуір
  • Қорытынды: 28 сәуір

Финал барысында Астана қаласында шахмат форматындағы интеллектуалдық ойын арқылы 10 жеңімпаз анықталады.

Жеңімпаздар Қазақстан атынан 2026 жылдың 27 қыркүйегі – 2 қазаны аралығында Ресей Федерациясының Красноярск қаласында өтетін Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиадаға қатысады.