12 января 2026


ҚЫСҚЫ МЕКТЕП АЯСЫНДА «ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТЕДІ

Қысқы мектеп аясында «Жоғары білім беруде жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында семинар ұйымдастырылады.

Спикер: Домалатов Е.Б. – «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КеАҚ «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры, Өскемен қ., Қазақстан

Өтетін күні: 12.01.2026 ж.

Өтетін уақыты мен орны:

сағат 15:00

№1 оқу ғимараты, №218 аудитория

Қысқы мектептің негізгі мақсаты – профессор-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлерінің жоғары білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын қолдану саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру. Бұл білім беру бағдарламаларын жобалау мен іске асыруды, сондай-ақ заманауи әдістемелік және цифрлық шешімдерді енгізуді қамтиды.

Қысқы мектептің міндеттері:

— профессор-оқытушылар құрамының жоғары білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру;

— жасанды интеллектке негізделген заманауи әдістемелік және цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын жобалау және іске асыру бойынша практикалық дағдыларды дамыту;

— оқытуды жекешелендіруге және оның сапасын арттыруға бағытталған инновациялық педагогикалық тәсілдерді меңгеру;

— университеттің білім беру және оқу-әдістемелік қызметінде жасанды интеллект технологияларын енгізудің үздік тәжірибелерін зерделеу және тарату.