2 декабря 2025


«ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ АЗАМАТ: «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ИДЕОЛОГИЯСЫН ОРНЫҚТЫРУДАҒЫ АЗАМАТТАРДЫҢ, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ»

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті 2025 жылдың 12 желтоқсанында, сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ АЗАМАТ: «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ИДЕОЛОГИЯСЫН ОРНЫҚТЫРУДАҒЫ АЗАМАТТАРДЫҢ, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізеді.

Іс-шарада конституциялық сот төрелігі, құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтардың құқықтық белсенділігі мәселелері талқыланады.

Өтетін орны: Өскемен қ., Қазақстан көшесі 55, Абай залы (4-қабат).

Өтетін күні: 12 желтоқсан 2025 жыл, 11:00.

Қатысуға тілек білдірушілер 2025 жылдың 5 желтоқсанына дейін өтінімдерін мына электрондық почтаға жіберуі қажет: kafedra_kukyktany2024@mail.ru

Ұйымдастырушы: Құқықтану кафедрасы

Байланыс: +7 705 631 21 96