18 марта 2026


ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТТЫҢ КӨРКІ

Наурыз мейрамы онкүндігі аясында оқу орнымызда Ұлттық киім күніне арналған іс-шара өтті. Аталған шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрді ұлықтау және жас ұрпақтың бойына патриоттық рух қалыптастыру.

 

Іс-шара барысында қатысушылар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, олардың ерекшеліктері мен маңызын таныстырды. Әсем өрнектермен безендірілген киімдер көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ойналып, ән мен би орындалды.

 

Бұл шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттырды.