19 августа 2025


2025–2026 оқу жылына арналған университет және Жоғарғы колледж білім алушыларын Студенттер үйлеріне ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІБІ

2025–2026 оқу жылына арналған университет және

Жоғарғы колледж білім алушыларын Студенттер үйлеріне

ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІБІ

  1. 1-курс студенттерін студенттер үйіне орналастыру 2025 жылғы 20 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында онлайн және офлайн форматта жүзеге асырылады.

Университеттің ресми сайтында (https://vku.edu.kz/) тіркелу кезінде «Студенттер үйі қажет» деген белгі қойылған жағдайда, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру барысында техникалық хатшы арнайы электронды өтінішті басып шығарады. Сол өтініш пен қажетті құжаттарды тиісті студенттер үйіне апару арқылы студент жатақханаға орналаса алады.

  1. Жоғары курс студенттерін орналастыру тәртібі:

2.1. 2–4 курс студенттері 2025 жылғы 28 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында университеттің https://vku.edu.kz порталында өтінім қалдырады.

2.2. Өтінімге онлайн форматта жоғары мектеп деканы мен Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім келісім береді. Қол қойылғаннан кейін QR-кодпен расталған дайын өтінім студенттің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

2.3. Студент дайын өтінімді басып шығарып, қажетті құжаттармен бірге тиісті студенттер үйіне тапсырады және сол арқылы орналастырылады.

Студенттерді студенттік жатақханаға орналастыру

№1 Студенттер үйі: Педагогика Жоғары мектебінің  «Дене шынықтыру және спорт», «Сауықтыру дене шынықтыру» «Алғашқы әскери дайындық», «Музыкалық білім», «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Дефектология», «Психология», «Әлеуметтік психология», «Білім берудегі психология», «Ерте қолдау педагогикасы», «Эрго-педагогика», «Дене шынықтыру және спорт», «Сауықтыру дене шынықтыру», «Алғашқы әскери дайындық», «Музыкалық білім», «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» БББ 1-4 курс студенттері Менделеев көшесі 7 мекен-жайы бойынша №1 Студенттер үйіне орналасады.

№3 Студенттер үйі: Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің «Қазақ тілі және әдебиеті», «Қазак тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі және әдебиеті», «Шет тілі: екі шет тілі», «Тарих», «Аударма ісі», «Журналистика», «Дінтану және философия», «Тарих және қоғамтану», «Ағылшын тілі және CLIL жаттықтырушысы» БББ 1-4 курс студенттері 30 Гвардиялық дивизиясы, 42 мекен-жайы бойынша орналасқан №3 Студенттер үйіне орналасады.

№4 Студенттер үйі: ІТ және жаратылыстану Жоғары мектебінің «Компьютерлік мехатроника», «Математика-Физика», «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», «Математика», «Информатика», «Ақпараттық жүйелер», «Физика», «Ядролық физика», «Өңдеу өндірісінің технологиясы», «Кәсіптік оқыту» , БББ 1-4 курс студенттері 30 Гвардиялық дивизиясы, 40 мекен-жайы бойынша №4 Студенттер үйіне орналасады.

№5 Студенттер үйі: Жоғарғы колледж, Бизнес және Құқық Жоғары мектебінің «Экономика», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Есеп және аудит», «Мемлекеттік аудит», «Қаржы», «Құқықтану», «Туризм» БББ 1-4 курс студенттері, ІТ және жаратылыстану Жоғары мектебінің  «Биология», «Химия», «Химиялық криминалистика», «Экология», «География», «География және тарих»,  «Ғылыми биология», «Жер туралы ғылым», «Орман ресустары», «Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі» БББ 1-4 курс студенттері 30 Гвардиялық дивизиясы, 38 мекен-жайы бойынша №5 Студенттер үйіне орналасады.

  1. Орналасу үшін қажетті құжаттар:
  2. Ректордың атына №1 қосымшаға сәйкес жазылған электрондық өтініш (Жоғары мектеп деканы және Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімнің келісімімен).
  3. Жеке куәліктің көшірмесі.
  4. 3х4 см көлеміндегі 4 (төрт) дана фотосурет.
  5. Оқып жатқаны туралы анықтама.
  6. Флюорографиялық тексеруден өткендігі туралы медициналық анықтама (№ 087/у немесе № 086/у нысанына сәйкес, анықтамада тексеру күні, дәрігердің қолы және мөрі болуы тиіс).
  7. Қосымша құжаттар (бар болған жағдайда):
  • Ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе балалар үйінен берілген анықтама;
  • Мүгедектік туралы анықтама (I, II немесе III топ мүгедектігі туралы куәлік немесе медициналық қорытынды).
  1. Студенттер үйіне орналастыру келесі кезекте жүргізіледі:

4.1 Өтінім және Online-студенттерді тіркеу;

4.2 Университет ректорымен бекітілген «әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер» жөніндегі комиссия онлайн және офлайн «Парасат» СҚК орталығында 30-Гвардиялық дивизия көшесі бойынша 38-40 мекенжайында, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін күн сайын жұмыс істейді (түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін), сенбі және жексенбі күндерін қоса.

4.3 Комиссия рұқсатын алған соң, студент медпунктке барып, тексеруден өтуі тиіс: 30 Гв.дивизия көшесі, 36 (№ 3 оқу ғимараты, 1 қабат).

  1. 5. 2025-2026 оқу жылына Студенттер үйінде тұру айына, бір орын үшін студенттерге 10 000 теңге.

Бос орындар болған жағдайда әр түрлі Жоғары мектепте оқитын бір отбасының студенттері бір Студенттер үйіне, бір бөлмеге туыстық қатынастарын дәлелдейтін құжат болған жағдайда орналастырылады (ҚР Тұрғын үй кодексіне сәйкес 14 жасқа толған әр жынысты балалар бөлек тұрғызылуы тиіс).

Қосымша ақпарат алу үшін тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімге хабарласуға болады +7 (7232) 540 708, 87059804170 немесе Coll-орталыққа.

Студенттердің туыстары мен ата-аналарының Студенттер үйінде тұруға және уақытша орналасуға құқылары жоқ.

 

Құрастырған:

ТЖжӘМБ жетекші                                                            Д.Байдрахманов

 

Келісілді:

Басқарма мүшесі – академиялық

мәселелер жөніндегі проректор                                       Н. Алимбекова

 

Басқарма мүшесі- экономикалық

мәселелер және цифрландыру

бойынша проректоры                                                       Е. Мукажанов

 

Басқарма мүшесі — Тәрбие және әлеуметтік

жұмыс жөніндегі проректор                                           Ж. Калимолдина