10 марта 2026


2026 ЖЫЛДЫҢ 09-20 НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ОНКҮНДІК ӨТЕДІ.

Әдістемелік онкүндік аясында байқаулар, викториналар, зияткерлзияткерлік ойындар, олимпиадалар, ашық сабақтар, әдістемелік семинарлар, халықаралық дөңгелек үстелдер мен кәсіптік бағдар беру шаралары ұйымдастырылады.

Әдістемелік онкүндіктің мақсаты: бизнес және құқық жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, олардың кәсіби шеберлігін жетілдіру және заманауи білім беруді цифрландыру жағдайында шығармашылық әлеуетін дамыту.

Әдістемелік онкүндіктің негізгі міндеттері:

  • кәсіби құзіреттілікті дамытуды ескере отырып педагогикалық тәжірибені жинақтау, жоғары мектеп кафедраларында кадрлар даярлау ерекшеліктерін талдау және оны оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында жас оқытушылар арасында тарату.
  • оқытудың инновациялық әдістерін іздестіру және оларды оқу үрдісінде тиімді қолдану
  • білім берудің студенттерге бағдарланған тұжырымдамасы аясында жаңа көзқарастарды қалыптастыру
  • оқу — тәрбие үдерісіне заманауи білім беру технологияларын енгізу.