27 февраля 2026
«AI-SANA» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІНЕ 100 000 ҚАТЫСУШЫНЫ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Фонд науки» АҚ, «Қазақстан халқына» ҚҚ қолдауымен, «AI-Sana» бағдарламасының II кезеңіне қатысу үшін ауқымды іріктеудің басталғанын жариялайды.
ЕГЕР СІЗ:
1.технологиялар мен жасанды интеллект саласының тоғысында жұмыс жасағыңыз келсе;
2.өз жобаларыңызды іске қосқыңыз келсе;
3.еліміздегі ең ірі AI-қозғалыстың бір бөлігі болғыңыз келсе,
4.Іріктеуден өту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
1.Қазақстан Республикасындағы жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім ұйымдарының ағымдағы студенттері, магистранттары мен докторанттары, сонымен қатар 2026 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы бойынша оқитын магистранттар мен докторанттар;
2.«AI-Sana» бағдарламасының I кезеңі аясында немесе басқа жасанды интеллект курстарын өту;
3.ағылшын тілінің базалық білім деңгейіне ие болу (ағылшын тілін меңгергенін растайтын сертификат қажет емес)*.
- Бағдарламаның келесі кезеңдерінде жұмыс істеу үшін ағылшын тілінің базалық деңгейі қажет, себебі жасанды интеллект модельдерімен, кодпен (Python) және профильдік материалдармен жұмыс ағылшын тілінде жүргізіледі, бұл жағдайда ИИ жауаптарының сапасы мен дәлдігі ең жоғары болады.
ТЕСТ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ:
2026 жылғы 2 – 15 наурыз (23:59 дейін)
Тіркелу және тестілеу мына жолдармен жүргізіледі:
- PlatonusApp мобильді қосымшасы арқылы (Platonus платформасын қолданатын ЖОО білім алушылары үшін);
- Егер сіздің университетіңіз Platonus платформасында жұмыс істемесе — мына сілтеме арқылы: https://aisanatesting.kz немесе ресми сайт арқылы: https://aisana.gov.kz өтуге болады
ҚАТЫСУ НЕ БЕРЕДІ?
1.Халықаралық сарапшылардан білім алу
Lumos Capital Group кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Пол Кимнің, сондай-ақ Stanford және MIT университеттерінің өкілдерін, Кремний алқабының инвесторлары мен венчурлік қорларын қоса алғанда, жетекші халықаралық сарапшылардың жетекшілігімен оқыту.
2.ЖИ тәжірибесі
Теориядан нақты Python кодына дейін Google Colab-та тәжірибе. Сіз нейрондық желілер мен тілдік модельдердің қалай жұмыс істейтінін түсініп, оларды нақты тапсырмаларға қолдана аласыз.
3.Кәсіпкерлік ойлау қабілеті
Венчурлық инвесторлар мен стартап негізін қалаушылардан оқу. Идеяларды қалай бағалайтынын білесіз.
4.Нақты кейстермен жұмыс
Қазақстанның энергетика, АӨК, денсаулық сақтау, қаржы, білім беру және басқа негізгі салаларындағы жобалар.
5.Дайын бизнес-жоспар
Capstone жобасы: стартапты дамыту бойынша 12 фазадан тұратын 240 маңызды сұрақ. ЖИ жүйесімен бағалау, үздік жұмыстарды Peer Gallery-де жариялау.
6.Alem.ai резиденті болу
II КЕЗЕҢГЕ ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ?
- Тіркелу (жұмыс істейтін Gmail поштасы қажет)
- Тестілеуден өту:
- тест 25 сұрақтан тұрады
- әр сұраққа 4 жауап нұсқасы беріледі, соның ішінен бір дұрыс жауапты таңдау қажет
- тест тапсыруға максималды уақыт – 120 минут
- тестілеу уақыты қосымша іріктеу критерийі ретінде есепке алынады
- тест нәтижесі бойынша ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар іріктеуге өтеді
- тесті сәтті тапсырған жағдайда, тіркелген поштаға бағдарламаға қабылданғаны туралы жеке логин мен парольмен хат келеді
«AI-Sana» бағдарламасы туралы толық ақпарат ресми сайтта: https://aisana.gov.kz/

