2 октября 2025


AI-SANA: ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ МЕН ЗЕРТТЕУШІЛЕРІ ҮШІН ЖАҢА КӨКЖИЕК БОЛМАҚ

Жасанды интеллект жөніндегі кеңестің отырысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек AI-Sana бағдарламасының маңызды нәтижелерін таныстырды:

  • Бағдарлама аясында Қазақстан студенттері мен жас зерттеушілері халықаралық білім беру платформаларынан (Huawei, Coursera, Nvidia, Google, Astana Hub) 442 мыңнан астам сертификат алды.
  • Жастардың өздері 119 AI-агент жасап шығарды. Бұл – біздің студенттердің тек пайдаланушы ғана емес, жасанды интеллект әзірлеуші деңгейіне көтерілгенін көрсетеді.
  • Қазақ тілі жаһандық жасанды интеллект экожүйесінің бір бөлігіне айналды: Ұлттық қазақ тілі корпусы (6 млрд қолданыс) жасалды, KazLLM және Til-Qazyna ірі тілдік модельдері әзірленді, сөйлеуді тану және синтездеудің отандық технологиялары енгізілді.
  • Келесі кезеңде бағдарлама аясында халықаралық сарапшыларды (оның ішінде Пол Кимді) тарта отырып, AI-кәсіпкерлікті оқыту басталмақ.

Бұл бастамалар Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті үшін ерекше өзекті. Бүгінде студенттер жасанды интеллект әлеміне белсенді түрде кірігіп отыр:

  • Coursera және Astana Hub платформаларында AI бойынша онлайн-курстарды меңгеруде.
  • Машиналық оқыту мен жасанды интеллект элементтері бар стартап-жобаларға қатысуда.
  • Оқытушылар өз білімдерін жүйелі түрде жетілдіріп, студенттерге ең өзекті ақпаратты жеткізуде.
  • Жасанды интеллект шешімдерін енгізуге бағытталған зерттеулер жүргізілуде: экология, атмосфералық ауаның сапасын бағалау, білім беру аналитикасы және университеттің цифрлық сервистерін жетілдіру бағыттарында.

Сонымен қатар, ШҚУ ғалымдары халықаралық серіктестермен бірлескен жобаларды AI-Sana бағдарламасының пилоттық алаңы ретінде ұсыну мақсатында зерттеулер жүргізуде. Бұл жобалар су ресурстарын басқару мен қала экологиясы саласында жүзеге асырылуда.