18 ноября 2025


AI SANA ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ: АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЦИФРЛЫҚ СЕРПІЛІС

Аманжолов университетінде ТОО «PLATONUS» Бас директорының кеңесшісі Зауре Оразалина университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, білім беру саласындағы жаңа цифрлық шешімдерді таныстырды.

Кездесу барысында спикер жоғары білімді цифрландырудағы негізгі тенденциялар, оқу процесін автоматтандырудың артықшылықтары және Platonus жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді. Айтылғандай, платформа – бұл университеттің бизнес-процестерін толық автоматтандыруға, электрондық құжат айналымын жүргізуге, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға және «1С: Бухгалтерия» бағдарламасымен интеграциялауға мүмкіндік беретін кешенді жүйе.

Диалог алаңында Platonus платформасын AI Sana платформасымен интеграциялау мәселесі талқыланды. Бұл жүйелер университеттің цифрлық трансформациясында маңызды рөл атқаратын болады. Жүйенің ерекшелігі – әкімшілік және академиялық процестерді талдау, құжат айналымын оңтайландыру, студенттердің оқу нәтижелерін болжау, сондай-ақ жасанды интеллект негізінде жаңа оқу курстарын әзірлеу мүмкіндігі.

Зауре Оразалина Қазақстандағы жоғары білім саласын цифрландыру тенденцияларына тоқталып, автоматтандырудың өзектілігін атап өтті. Кездесу барысында ол былай деп пікірін білдірді:

«Цифрландыру – бүгінгі күндегі білім сапасының негізгі көрсеткіші. Platonus сияқты интеллектуалды платформалар оқу процесін едәуір жеңілдетеді және университеттерді басқарудың тиімділігін арттырады».