1 февраля 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY АУМАҒЫНДА ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Amanzholov University аумағында қысқы маусымға сәйкес қар тазалау жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда. Қазіргі уақытта университеттің оқу корпустары мен жатақханалары маңындағы аумақтарды тазалау, қар үйінділерін жинақтау және шығару жұмыстары атқарылуда.

Жұмыстарды тиімді ұйымдастыру мақсатында арнайы техника тартылып, ашық алаңдар, кіреберіс маңы, жаяу жүргіншілер жолдары және ғимараттарға іргелес аумақтар кезең-кезеңімен ретке келтірілуде. Қардың қалың түсуіне байланысты тазалау шаралары белгіленген тәртіп бойынша жүргізіліп, аумақтың тазалығы сақталуына ерекше көңіл бөлінуде.

Қар еріген кезде су жиналып қалмауы үшін қарды уақытылы жинақтап, шығару жұмыстары күшейтілген тәртіпте орындалуда.

Университет қыс мезгілінде аумақты күтіп-ұстау жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстап, тазалау жұмыстарын қолданыстағы жоспарға сай жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Алдағы уақытта да ауа райы жағдайына байланысты жұмыстар жалғасын табады.