27 марта 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY: БЕЙРЕСМИ БІЛІМ БЕРУ – ЖАҢА ДАҒДЫЛАРДЫ ТЕЗ МЕҢГЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті бейресми білім беруді дамыту арқылы студенттер мен мамандарға заманауи дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беруде. Қазіргі еңбек нарығында теориямен қатар практикалық білімнің маңызы артып отыр.
 
Бейресми білім беру – оқу мерзімі мен формасы еркін, адамның өз қалауымен жүзеге асатын білім алу түрі. Ол курстар, тренингтер және онлайн платформалар арқылы қысқа уақытта жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.
 
Бейресми білім берудің артықшылықтары:
оқу форматының икемділігі;
қысқа мерзімде дағды игеру;
кез келген жаста білім алу мүмкіндігі;кәсіби дамуға жол ашу.
 
Университет жанындағы Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы 100-ден астам білім беру бағдарламаларын ұсынады. Курстар онлайн және офлайн форматта өткізіледі. Қысқа мерзімді курстар 8–72 сағат аралығында, ал қайта даярлау курстары 8 айға дейін жалғасады. Оқу соңында сертификат беріледі.
 
2025–2026 оқу жылында 53 бағдарлама жүзеге асырылып, 1505 адам білім алды. Сонымен қатар, студенттер мен оқытушылар Coursera және AI Sana платформаларында IT, жасанды интеллект және жобалау бағыттары бойынша білімдерін жетілдіруде.
 
Бейресми білім беру – жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, бәсекеге қабілетті маман қалыптастырудың тиімді құралы.