13 ноября 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY БОЛАШАҚ ПСИХОЛОГТАРЫ КӘСІБИ МАМАНДЫҚТЫҢ ТҮЙТКІЛДЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің психология кафедрасында психологиялық кеңес беру саласының маманы, кәсіби платформада мақалалар авторы, практик психолог Олеся Коваленкомен кездесу өтті.

Шараға «Психология» және «Клиникалық психология» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын бірінші, екінші және үшінші курс студенттері қатысты.

Лекция барысында маңызды тақырыптар қозғалды: эмоционалдық күйзеліс (выгорание) және оны еңсеру жолдары; күрделі өмірлік жағдайлардан (ажырасу, жақын адамынан айырылу) кейін қалпына келу; өз-өзіне деген сау әрі қамқор көзқарасты қалыптастыру; жеке психолог ретінде практиканы бастау ерекшеліктері.
Психолог өз кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, бұл мамандықтағы шынайы қиындықтар мен мүмкіндіктер туралы айтып, практикалық кеңестер берді.

Кездесу жылы әрі еркін атмосферада өтті. Студенттер белсенділік танытып, көптеген сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар мен кәсіби ұсыныстар алды.

Amanzholov University дәстүрлі түрде студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, жеке тұлғалық өсуіне және практикалық білімін нығайтуға бағытталған осындай кездесулерді қолдап келеді.

Мұндай шаралар болашақ психологтардың өз мамандығын терең түсінуіне ықпал етіп, саналы түрде кәсіби жолын айқындауға көмектеседі.