27 марта 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖИ – ТЕОРИЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ

Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасы ұйымдастырған бұл іс-шара білім беру үдерісіне жасанды интеллектті енгізудің өзекті мәселелеріне және оқытушылардың цифрлық технологияларды тиімді қолдануына арналды.

Семинар спикері – №34 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Светлана Шишкина. Ол өз сөзінде нейрожелілерді тәжірибеде қолданудың нақты жолдарын көрсетіп, жасанды интеллекттің сабаққа дайындалу уақытын үнемдеуге, оқу үдерісін әртараптандыруға және оқытудың тиімділігін арттыруға қалай ықпал ететінін түсіндірді.

Қатысушылар педагогикалық қызметте технологияларды этикалық әрі қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударды. Семинар мазмұнды әрі ашық пікір алмасу жағдайында өтіп, оқытушылар нақты тәжірибелерді талқылап, өз ойларымен бөлісті.

Қатысушылар алынған білімнің практикалық маңызын жоғары бағалап, спикер мен ұйымдастырушыларға цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік жасағаны үшін алғыс білдірді.

Бұл шара университет оқытушыларының цифрлық мәдениетін нығайтуға және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізуді жалғастыруға бағытталды.