15 сентября 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ «АҚБАУЫР» АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы», «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы және ШҚО тарихи-өлкетану музейімен бірлесе отырып «Ақбауыр» археологиялық кешенін зерттеу мәселелеріне арналған ғылыми-әдістемелік және экскурсиялық семинар ұйымдастырылды.

Шара барысында 6В01602 – «Тарих және қоғамтану (IP)» білім беру бағдарламасының 1–2 курс студенттері «Ақбауыр-1» қонысы, Ақбауыр үңгірі, кешен аумағындағы петроглифтер мен өзге де тарихи нысандармен танысты. Сондай-ақ ШҚО тарихи-өлкетану музейінің «Бестерек» археологиялық зерттеу бөліміне экскурсия жасалды.

Семинардың екінші бөлімінде студенттердің археологиялық іс-тәжірибесі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері талқыланды.

Семинар соңында Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының сениор-лекторы Жириндинова К.Р. сөз сөйлеп, археологиялық іс-тәжірибенің болашақ мамандар үшін маңыздылығын атап өтті.