17 октября 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Директорлар кеңесінің төрағасы Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлының төрағалығымен Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста Қоғамның 2025–2026 жылдарға арналған штат санына өзгерістер енгізу, білім алушыларды қабылдау қағидалары мен басқару құрылымын жетілдіру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, 2024 жылғы даму жоспарының орындалу нәтижелері талқыланып, университет қызметіне жоғары баға берілді.

Amanzholov University ұжымы білім сапасын арттыру мен басқару тиімділігін жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.