23 июля 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ЖАҢА ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІК

С.Аманжолов атындағы ШҚУ ғалымдары 2025-2027 жж. арналған мемлекеттік ғылыми гранттар конкурсында жеңіске жетіп, жалпы сомасы 422 млн. теңгеден астам — 4 ғылыми жобаны қаржыландыруға ие болды.

•⁠ ⁠AP26101867 «Агроөнеркәсіп кешеніндегі сүт өнімдері шағын жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру», ғылыми жетекшісі – Апышева Асель Ануарбековна, э.ғ.к., Бизнес және құқық жоғары мектебінің деканы.

•⁠ ⁠AP26199899 «ШҚО әдеби және лингвистикалық туризмінің аймақтық интеграциясы», ғылыми жетекшісі – Картаева Айжан Маратбекқызы, ф.ғ.д., «Абайтану» ҒЗИ директоры.

•⁠ ⁠AP26103881 «Энергетикалық машина жасаудағы бөлшектерді жоғары температуралық коррозиядан қорғау», ғылыми жетекшісі – Кылышканов Манарбек Калымович, ф.-м.ғ.д., профессор.


•⁠ ⁠AP26103871 «Өндірістік қалдықтарды қолданып композитті қорғаныс жабындарын жасау», ғылыми жетекшісі – Бектасова Гульсым Сафуановна, филос.ғ.к., қауымдастырылған профессор.