16 марта 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ «НАУРЫЗ – ДӘСТҮР МЕН ТАҒЫЛЫМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесіне орай «Наурыз – дәстүр мен тағылым» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Іс-шараны Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы өткізді.

Мерекелік кештің негізгі мақсаты – ұлттық мәдениетті дәріптеу, қазақ халқының бай салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтарын студент жастар арасында насихаттау, сондай-ақ ұлттық мұраға деген құрметті арттыру болды.

Кеш барысында қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері сахналық көріністер арқылы көрермен назарына ұсынылды. Атап айтқанда, «Сырға салу», «Қыз ұзату», «Беташар» сияқты дәстүрлер көркем түрде сахналанып, олардың тәрбиелік әрі мәдени маңызы кеңінен көрсетілді. Сонымен қатар, мерекелік бағдарлама аясында «Жар-жар» әні орындалып, қазақтың ұлттық биі биленді.

Іс-шараға қатысушылар қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерінің маңыздылығын тағы бір мәрте сезініп, ұлттық құндылықтардың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Мұндай тағылымы мол мәдени шаралар жастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, рухани мұраны дәріптеуге ықпал етеді.