15 сентября 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІКТЕР БАСТАЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және тазалықты сақтау мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбіліктер басталды.

Акция барысында университеттің оқытушылары мен студенттері оқу корпустарының айналасын, спорт және оқу алаңдарын, сондай-ақ университет аумағындағы жасыл аймақтарды қоқыстан тазартты.

Мұндай шаралар жастардың экологиялық жауапкершілігін арттырып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілігін де нығайтады. Университет басшылығы аталған акцияға тұрақты түрде қолдау білдіріп, студенттерді белсенді қатысуға шақырады.