10 сентября 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ «ҚАЗАҚ ТІЛІ: БАСТАУЫШ ДЕҢГЕЙ» КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Қазақ тілі: бастауыш деңгей» оқыту курстары басталды. Аталған бағдарлама «Қазцинк» түсті металлургия кәсіпорнының қызметкерлеріне арналған.

 

Сабақтарды қазақ және орыс филологиясы мен журналистика кафедрасының ассоциирленген профессоры Сауле Садыкова, сениор-лекторлар Раушангүл Мукушева, Айман Сапанова және Халима Жоканасова жүргізуде. Оқыту үдерісі онлайн және офлайн форматтарда ұйымдастырылған.

 

Курстарды «Кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы» жүзеге асыруда.