16 марта 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде қауіпсіздік пен тазалықты қамтамасыз ету мақсатында 1-оқу ғимаратының алдында қар тазалау жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстар барысында университет аумағындағы жаяу жүргіншілер жолдары мен ғимарат маңындағы алаң қардан тазартылып, студенттер мен оқытушылардың еркін әрі қауіпсіз қозғалуына қолайлы жағдай жасалды. Аталған жұмыстарға университеттің шаруашылық бөлімінің қызметкерлері арнайы техника мен қажетті құралдарды пайдалана отырып қатысты.

Университет басшылығы оқу орнының аумағын күтіп ұстауға, студенттер мен қызметкерлер үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға ерекше назар аударады. Қыс мезгілінде қар тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, университет инфрақұрылымының тазалығы мен тәртібі тұрақты бақылауда болады.