16 марта 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ЖИҺАЗ ЖАСАУ ЦЕХЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАЙЛЫЛЫҒЫ ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студенттік үйлердегі жиһаздарды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағытта университеттің өз жиһаз жасау цехының рөлі ерекше.

Цех жұмысының арқасында университет оқу корпустары мен студенттік жатақханаларға қажетті жиһаздарды өз мүмкіндігімен дайындап, жаңарта алады. Бұл студенттердің тұрмыс жағдайын жедел жақсартуға және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бүгін университеттің студенттік үйлерінің біріне жаңа жиһаздар табысталды. Бұл жаңарту студенттердің тұрмыс жағдайын жақсартуға және заманауи, жайлы орта қалыптастыруға бағытталған кезекті қадам болды.

Университет басшылығы алдағы уақытта да оқу орнының инфрақұрылымын дамытуға және студенттердің өмір сүру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлуді жалғастырады.