9 декабря 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ СТУДЕНТТЕРІ «QARZHY SAQSHYSY» ОЙЫНЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІН МЕҢГЕРДІ

Amanzholov University Жоғары колледжінің студенттері жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Qarzhy Saqshysy» атты республикалық білім беру компьютерлік ойынына қатысты. Жоба бірыңғай тәрбие бағдарламасы «Адал азамат» шеңберіндегі «Заң мен тәртіп» құндылығы аясында жүзеге асырылуда.

«Qarzhy Saqshysy» ойыны қаржылық қауіпсіздік бойынша интерактивті тапсырмалар, мини-кейстер мен жағдаяттық сұрақтарды біріктіре отырып, қатысушыларға заманауи цифрлық ортадағы тәуекелдерді тануға және тиімді шешім қабылдауға үйретеді. Ойын барысы студенттердің жеке және әлеуметтік жауапкершілік дағдыларын, сыни және шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал етті.

Іс-шараға қатысқан Жоғары колледж студенттері алаяқтықтың түрлі түрлерін ажырату, қаражатты қауіпсіз басқару және онлайн операцияларды сауатты жүргізу бойынша тәжірибелік білім алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жұмыс жастардың қаржылық санасын қалыптастыруға бағытталған жүйелі тәрбиелік жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Біздің студенттер қаржылық сауаттылық пен жауапкершілікке қадам жасап, саналы әрі белсенді азамат болуға деген ұмтылысын нақты ісімен дәлелдеді.