27 ноября 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫНАН ӨТТІ

2025 жылға арналған профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру жылдық жоспары аясында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушылары мен қызметкерлері қазан–қараша айларында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында біліктілік арттыру курстарына қатысты.

Оқу бағдарламасына ассоциирленген профессор Майнұр Ордабаева, сениор-лекторлар Айнұр Аубакирова, Халима Жоқанасова, Нұржан Жұмаділов, Жанар Акенева, Жадыра Қалибек, лекторлар Назерке Амангелді мен Дидар Сейтжан, сондай-ақ университет қызметкерлері Айгүл Ғалиева, Нұржан Рүстемова және Айым Кенжебаева қатысты.

Курс барысында тыңдаушылардың өздік жұмысына ерекше назар аударылды: бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламаларын зерделеу, оқытудың инновациялық технологияларын меңгеру, сондай-ақ ҚазҰУ кітапханасының оқу залдарында жұмыс ұйымдастыру тәжірибесі қарастырылды.

Сонымен қатар университет оқытушылары «Қазақстанның тұрақты даму мақсаттары: жағдайы мен перспективалары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарға және білім беруді цифрландыру мәселелеріне арналған конференцияларға қатысты.

Майнұр Ордабаева «Қазақстан экономикасының тұрақты дамуының негізі ретінде адами капиталды дамыту» тақырыбында баяндама жасады.

Курстардан өту оқытушылардың кәсіби құзыреттерін жаңғыртуға, ғылыми-әдістемелік базасын кеңейтуге және елдегі жетекші ұлттық университет әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Бағдарлама қатысушылары оқу мүмкіндігін ұсынғаны үшін басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Төлегенге шынайы алғыстарын білдіреді.