16 июля 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY РЕКТОРЫН МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Әр кезеңнің өз көшбасшысы болуы керек. Болашақты болжап қана қоймай, сол кемел келешекке бастап апаратын тұлғалар қажет.

Бүгінде AMANZHOLOV UNIVERSITY – жай ғана жоғары оқу орны емес,
Бұл – өсу мен дамудың, ғылым мен идеяның, жеңістердің ордасы.

Ал әр жетістіктің артында маңдай тер, еселі еңбек тұр.

МҰХТАР ӘДІЛБЕКҰЛЫ – AMANZHOLOV UNIVERSITY ұжымын ұйыстыра білген басшы,
ғылым мен білімге қызмет етуді өмірлік мұраты еткен азамат.

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымы
Мұхтар Әділбекұлын шын жүректен мерейтойымен құттықтайды!

Осы жылдар бойғы табанды еңбектің арқасында
университет өз биігіне көтерілді. Бүгінде AMANZHOLOV UNIVERSITY –
Қазақстандағы үздік жоғары оқу орындарының TOP-2 қатарында еңсесін тік ұстайды.

AMANZHOLOV UNIVERSITY – атағы бар университет!
Беделі бар университет!
Көшбасшысы бар университет!