27 марта 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ – “ЖЕЛТОҚСАННЫҢ ӨШПЕС ҮНІ” АЙТЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Желтоқсан көтерілісінің 40 жылдығына орай Желтоқсан көтерілісі қаһармандарының бірі Сәбира Мұхамеджанованы еске алуға арналған “Желтоқсанның өшпес үні” атты облыстық жас ақындар айтысы өтті.

Аталған додада Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Музыкалық білім беру мамандығының 2-курс студенті Асылбек Аймерей жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді.

Жас ақынның суырыпсалмалық шеберлігі, тарихи тақырыпты терең меңгеруі және көркем ой өрнегі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде, жеңімпазға арнайы диплом табысталып, 200 000 теңгелік сертификат берілді.

Сонымен қатар, Асылбек Аймерей облыстық айтыстың жеңімпазы ретінде республикалық кезеңге жолдама алды.

Бұл жетістік – студенттің шығармашылық әлеуетінің жоғары екенін көрсетіп қана қоймай, университеттің рухани-мәдени бағыттағы жұмысының нәтижелі екенін айқындайды.