31 марта 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ: НӘТИЖЕЛЕР, ЖАҢАРТУЛАР ЖӘНЕ ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда білім беру мен ғылыми қызметті дамытуға қатысты маңызды мәселелер қарастырылды.

Отырыста жоғары мектептердің декандары баяндама жасап, атқарылған жұмыстар туралы презентациялар ұсынды. Өз сөздерінде олар қол жеткізілген нәтижелерді, енгізілген өзгерістерді және жүзеге асырылған бастамаларды жан-жақты баяндады. Әсіресе білім беру сапасын арттыру, ғылыми әлеуетті дамыту, білім беру бағдарламаларын жаңарту және материалдық-техникалық базаны жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар оң нәтижелермен қатар, одан әрі жетілдіруді қажет ететін бірқатар бағыттар да аталды. Атап айтқанда, ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және заманауи білім беру технологияларын енгізу қажеттігі сөз болды.

Жиын барысында қатысушылар университет ректорын жоғары мемлекеттік награда алуымен тағы да құттықтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан оған жаңа Конституцияны әзірлеуге қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ жалпыұлттық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге қатысқаны үшін Алғыс хат пен төсбелгі табысталғаны атап өтілді.

Отырыс конструктивті жағдайда өтіп, университеттің алдағы уақытта да дамуға ұмтылысын, білім сапасын арттыруға және елдің ғылыми-білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтуға бағытталған жұмысын тағы бір мәрте көрсетті