6 августа 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЭРГОПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ЭРГОТЕРАПИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУДА

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде педагогика мен медицинаны тоғыстырған Қазақстандағы алғашқы инновациялық білім беру бағдарламасы іске қосылды. Университет елімізде алғаш рет бірегей пәнаралық бағыттағы бакалавриат бағдарламасына қабылдау жүргізуде «6В01905 — Эргопедагогика эрготерапия (эргореабилитация) мамандануымен».
Аталған бағдарлама Семей қаласының медицина университетімен бірлесіп әзірленіп, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бекітілді. Бұл білім беру траекториясы педагогикалық және медициналық бағыттарды біріктіретін жаңа форматтағы мамандарды даярлауға арналған және елімізде баламасы жоқ алғашқы бағдарлама болып табылады.

Бағдарламаның негізгі артықшылықтары:
•⁠ ⁠Пәнаралық тәсіл – арнайы педагогика мен эрготерапияның бірлігін қамтамасыз етеді;
•⁠ ⁠Мазмұнның заманауилығы – білім беру бағдарламасы нормативтік және кәсіби стандарттарға толық сай келеді;
•⁠ ⁠Медициналық модульдің оқытылуы (екі семестр көлемінде) – бейіндік мамандар: дәрігерлер, клиницистер және медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары тарапынан жүзеге асырылады;
•⁠ ⁠Қазақстанның екі университетінің заманауи ғылыми ресурстары мен практикалық базаларын пайдалану;
•⁠ ⁠Түлектердің еңбек нарығындағы жоғары сұранысы – инклюзивті білім беру, оңалту және әлеуметтік қолдау салаларында.

Бағдарлама биопсихоәлеуметтік модельге негізделген. Бұл жаңа форматтағы мамандарды даярлауға мүмкіндік береді: олар дамуында бұзылыстары бар немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалармен кәсіби түрде жұмыс жасауға дайын болады. Педагогикалық білім беру бағдарламасына медициналық модульді енгізу түлектердің кәсіби құзыреттерін кеңейтіп, практикалық қызметке дайындық деңгейін арттырады және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады.

Университет мектеп түлектерін, колледж бітірушілерін және әлеуметтік маңызы жоғары, болашағы бар, гуманистік бағыттағы мамандыққа қызығушылық танытқан барлық талапкерлерді оқуға шақырады!
Болашақ мамандығыңа қадам жаса – эргопедагогика саласының білікті маманы бол!